Lyrics

Шашып күміс күлкіңді, Ашпайсың ау құлпыңды. Табамын деп кілтіңді, Ынтық көңілім ұмтылды. Жайлауына жанымның, Жайраң қағып көп шықтың. Қазақшадан бір сөз де, Білмей тұғын боп шықтың. Сымбат көркің мүсіндей, Сары алтынның ішіндей. Сен орысша сайрайсың, Мен тыңдаймын түсінбей. Сен сөйлейсең орысша, Қыйналадау жан аса. Өзге тілдің бәрінен, Өз тіліміз тамаша. Өзге тілдің бәрінен, Өз тіліміз тамаша. Қара көзім қалқамай, Не десем де құптайсың. Мен қазақша сөйлесем, Сен бірін де ұқпайсың. Бір сұлтанның сыңары ең, Саған менде құмар ем. Бір ай жүрсең жайлауда, Қазақ болып шығар ең. Жүр, ауылға жүріңіз, Біз даланың гүліміз. Сіз Баянның қызысыз, Біз Қозының ұлымыз. Сен сөйлейсең орысша, Қыйналадау жан аса. Өзге тілдің бәрінен, Өз тіліміз тамаша. Сымбат көркің мүсіндей, Сары алтынның ішіндей. Сен орысша сайрайсың, Мен тыңдаймын түсінбей. Сен сөйлейсең орысша, Қыйналадау жан аса. Өзге тілдің бәрінен, Өз тіліміз тамаша.
Lyrics powered by www.musixmatch.com
Get up to 2 months free of Apple Music
instagramSharePathic_arrow_out