Lyrics

Айлы түннің аясына Мұңлы сезім таралды Шалқар көлдің жағасында Жаралы бір із қалды Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді Көз жасымен тұнық көлді тебірентеді Күйге салып, мұңын айтып табиғатына Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді Мұңға толы жүрегімен Жалғыздықты жырлайды Үміт оты жалындаумен Пәк сезімі қинайды Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді Көз жасымен тұнық көлді тебірентеді Күйге салып, мұңын айтып табиғатына Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді Көз жасымен тұнық көлді тебірентеді Күйге салып, мұңын айтып табиғатына Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді
Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out