Lyrics

Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің, топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Көрінбей жердің, топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп.
Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out