Lyrics

Жарқырап жұлдыздар, қайран кундер-ай, Өмірдің қызығына тойған кудер -ай. Жүректе сағыныш боп, ахау, кундер- ай, Айналайын, ахау, сайран күндер-ай. Болады тіршілікте көңіл әрқалай, Адамды жетелейді сенімі алдамай. Бақыттың қанатында, ахау, тербелген, Айналайын, ахау, серік арман-ай. Қалды ғой өткен күнмен әніміз талай, Жабырқап жүдемесін жанымыз қалай? Көңілді күлімдеген, ахау, арайлы, Айналайын, ахау, сағыныштар-ай. Әркімнің келер күнге сенімі әрқалай, Жүректе қимас күннің көбі қалмады-ай. Шырындай шаттығыңды, ахау, ағайын, Абайсызда, ахау, төгіп алмағай.
Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out